ЖРВИ өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға төмендеді
Қарағанды облысында эпидемиологиялық маусым басталғаннан бастап 2024 жылғы 1 қазан мен 2025 жылғы 16 қаңтар аралығында ЖРВИ-ның 53 мың 880 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға 58%-ы келеді.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 5,7%-ға төмендеуі байқалады.
Оның ішінде тұмаудың зертханалық расталған 59 жағдайы тіркелді, 43 жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.
Тұмаудан басқа, облыста тұмауға жатпайтын вирустар айналымда, олардың үлес салмағы зерттелген (799) сынамалардың жалпы санының 39% құрады. Негізінен риновирус, РС вирусы, аденовирус анықталады.
Облыста 2025 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай, бұл 50% құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КВИ-мен сырқаттанушылық өткен жылдың деңгейінде.
Тұмау мен ЖРВИ алдын алудың негізгі шараларын еске саламыз:
– адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;
– жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналатын орындарда бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану;
– мүмкін болса, түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеу;
– қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, қолды үнемі дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен өңдеу;
– орналасқан бөлмені жиі желдету және үнемі ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
-құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп тұтыну;
– өз бетіңізбен емделмеңіз, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.
Юрий ЗАЛЫГИН,
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысы