АймақТеміртау

Аймақта жолаушылар көліктерін жаңарту жүзеге асырылуда

Қарағанды мен  Теміртау арасында қатынайтын №107 қалааралық бағыттағы автобустар жаңартылуда. Бүгінде Yutong маркалы 8 жаңа автобус қала арасында қатынауда.

 

– №107 маршрутқа №3 және №5 автопарк жауапты. Бұл бағытта барлығы 16 автобус қатынайды. Олардың барлығы жаңартылды. №5 автопарк маусым айында жергілікті өндіруші QazTehna зауытында жасалған 8 жаңа жайлы автобус сатып алған еді, – делінген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының берген хабарламасында.

 

Жаңа автобустардың салоны ауаны желдету жүйесімен жабдықталған. Алдағы уақытта автобус парктеріндегі ескі автобустар толығымен жаңартылады деп күтілуде.

Басқа материалдар

Back to top button