Ресми

Аймақта жол саласын дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында жол саласын дамыту жайы сөз болды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожановтың айтуынша келесі  жылы облыста кем дегенде 600 шақырым жергілікті жол желісі жөнделмек.

Сурет: Облыс әкімдігінің сайтынан

Сонымен қатар, басқармасы басшысы  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйіне де тоқталды. Биыл Нұра мен Шахтер ауылдары арасындағы 20 шақырым жолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Осакаровка мен Молодежный, Нұра мен Осакаровка ауылдары арасындағы 16 шақырымдық жолды қайта жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында екенін атап өтті. 

– 2024 жылға айтарлықтай жұмыс көлемі жоспарланған. Қазір, мәселен, Теміртаудан Токаревка ауылына баратын жолдағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің екі шеткі тірегі  аяқталды, бірақ жоба келесі жылы жалғасады. Облыс орталығының өзіне келсек, Космонавт көшесінің бойындағы жолды қайта жөндеу, Пичугина көшесін күрделі жөндеу, үлкен Михайловка стансасы маңындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу жұмыстары басталды, – деді  Мақсұт Қожанов.

Сонымен қатар, көлік ағыны тәулігіне 30 мыңнан астам бірлікті құрайтындықтан  Ақтас-Саран және Қарағанды-Шахтинскі бағытындағы жолды төрт жолақты ету жоспарлануда. 

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button