Аймақта жел тұрып, бұрқасын болады
Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр және қар) жауады. Түнде Алматының таулы аймақтарында және Жетісу облысында қатты жауын-шашын, Қарағанды облысында жел тұрып, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Ortalyq.kz sn.kz.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, Жетісу облысында қалың қар жауады. Атырау, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тұман күтіледі.
– Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта – қар жауады, оңтүстікте, орталықта – көктайғақ, батыста – шаңды дауыл күтіледі, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.