Бас тақырып

Аймақта жел тұрып, бұрқасын болады

Қазгидромет мәліметінше бүгін аймақтың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Сондай-ақ, ертең де бұрқасын болып, тұман түседі.

Сурет: stan.kz сайтынан

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

– Жел күшейгенде, көктайғақ және тұман кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеміз. Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыстың шектелулерін ТЖД-нің ресми сайттарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыздар, – деді мамандар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button