Бас тақырыпБасты тақырып

Аймақта «Жас мемлекеттік қызметші» мектебі ашылды

Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ел болашағына өз үлесін қосуға дайын, кәсіби білікті және заманауи көзқарастағы жас кадрларды тәрбиелеу.

Суреттер МҚІА Қарағанды облысы департаментінен

Ашылу салтанатына МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсулу Ерниязова, Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Әділ Тазабеков, мемлекеттік қызмет ардагерлері, сондай-ақ, өңірдегі жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысты.


Сөз алған қонақтар қатысушыларға «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің негізгі бағыттары мен бағдарламасы таныстырылып, ел игілігі жолында адал қызмет етуге, жауапкершілік пен кәсібилікті басты ұстаным етуге шақырды.

Арнайы шақырылған мемлекеттік қызмет ардагерлері болашақ мемлекеттік қызметшілерге тәжірибелі мамандардың қолдауына сүйеніп, өз қабілеттерін дамытуға кеңес берді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button