Бас тақырыпМедицина

Аймақта жаңа инсульт орталығында 400 науқасқа көмек көрсетілді

Осы жылдың басында Қарағандыдағы «Ақжан» клиникасында үшінші деңгейдегі инсульт орталығы жұмысын бастады. Мұнда МӘМС жүйесі аясында облыс тұрғындарына шұғыл көмек көрсетіледі.

Суреттер: облыстық денсаулық басқармасынан

Орталықта пациенттер нейрохирургиялық операциялар, тромболитикалық терапия және инсульттан кейінгі нейрооңалту және т.б. қажетті емнің толық кешенін ала алады.

Заманауи технологиялар күрделі оталардан кейін асқыну қаупін азайтуға және қалпына келтіруді тездетуге мүмкіндік береді.

Инсульт орталығының жұмысы барысында 400-ден астам пациент емделді, оның ішінде 7 адамға ми қан тамырларының аневризмасы жарылуына байланысты операция жасалды, 27 науқасқа инсульт кезінде ұйқы және омыртқа артерияларын стенттеу, 36 ми артерияларынан тромбэкстракция, геморрагиялық инсульт кезінде 20 трепанация жүргізілді.

Елу бес жастағы автобус жүргізушісі осы жылдың 20 маусымында таңертең жұмыста өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оны Абай ауруханасына жеткізіп, сол жерден реаниматологтың қарауынан кейін ол «Ақжан» клиникасының инсульт орталығына жіберілген. Қабылдау кезінде емделушіге мидың КТ жасалды, оның нәтижелері қан кетуді, оның көлемі мен орналасуын анықтауға мүмкіндік берді.

– Сол күні науқасқа миға операция жасалды және инфаркттың интрацеребральды ошақтары, көлемі 30 мл-ден асатын интрацеребральды гематомалар алынып тасталды. Операция өте күрделі, ұзақ және мұқияттылықты қажет етеді, өйткені гематомалар мидың өмірлік маңызды орталықтарының жанында орналасқан. Операция бірнеше сағатқа созылды және жақсы нәтижемен аяқталды, – дейді клиниканың инсульт орталығының бөлім меңгерушісі Иван Туркевич.

Операциядан кейінгі кезең жақсы өтті, қазір ер адам екінші оңалту емін алып жатыр.

– Өзімді жақсы сезінемін, өзім қозғаламын және белсенділігім арта бастады. Күнделікті тыныс алу жаттығулары, массаж, логопедпен сабақтар өткізілді. Сөйлеуім біртіндеп қалпына келуде, – деді емделуші.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button