АймақЖаңалықтар

Аймақта жүргізушінің жүк салғышын тексеру кезінде 12 келі есірткі табылды

Оқиға 10 қараша күні болған. Патрульдік полицейлер көлігінің жүк салғышында көп мөлшерде есірткі заты бар ер адамды тоқтатады. 31 жастағы жүргізушіні тоқтатуға көлікте мемлекеттік нөмірдің болмауы себеп болған. Көлікті тексеру кезінде 12 келі ұнтақ тәрізді зат анықталды. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Сурет: car72.ru

-10 қарашада Балқаш-Сарышаған тас жолында патрульдік полиция батальонының патрульдік қызметі 31 жастағы азаматтың басқаруындағы “Geely Coolray” көлігін тоқтатты. Тоқтатуға жол ережесін бұзу (мемлекеттік нөмірсіз) себеп болған. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғышында жалпы салмағы 12 келіге жуық ақ түсті ұнтақ заты бар 18 қапшық табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған зат деген күдікті растады, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button