Бас тақырыпБасты тақырып

Аймақта жұмыссыз жастардың үлесі 6,5 пайызға дейін төмендеді

Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастар саны артты, сондай-ақ 2025-2028 жылдарға арналған ерте нашақорлықтың алдын алу жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Өткен жыл өңір үшін жаңа форматтар мен мазмұнды бастамаларға толы болды. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен бірқатар маңызды жобалар іске асты. Алғаш рет өңірлік деңгейде Сенаттың қолдауымен кәсіби құзыреттер мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған «Талдау мектебі. Қарағанды» / «Школа аналитики. Караганда» жобасы іске қосылды. «Волонтёр паспорты» еріктілер қызметін жүйелеуге мүмкіндік берсе, инклюзивті «Senim Alany» жобасы мүгедектігі бар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. «Ұлт Қазынасы» дарынды ауыл жастарын қолдауға бағытталды, ал «Jas fund» шығармашылық бастамаларды қаржыландырудың тиімді тетігіне айналды. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығы базасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша фронт-офис өз жұмысын бастады.

– Бірқатар бастамаларды республикалық деңгейде кеңейту көзделіп отыр. Алдағы жылы «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттарына, сондай-ақ БҰҰ жариялаған Волонтёрлер жылы аясында еріктілік қозғалысты дамытуға басымдық беріледі, – деді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма Айсұлу Ерниязова.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button