АймақЖаңалықтар

Аймақта жүк пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті

1 ақпан күні сағат 15:30-да Қарағанды-Сортировка стансасында жүк пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ortalyq.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: mail.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, болған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Болжам бойынша, вагонның бір шетіндегі рамасы сынған болуы мүмкін. Вагон өзбекстандық компанияға тиесілі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button