Аймақта үздік спортшылар құрметке бөленді
Қарағандыдағы Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында халықаралық және республикалық турнирлерде үздік нәтиже көрсеткен қарағандылық спортшылар мараппатталды. Марапаттау рәсіміне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға құрмет көрсетті.

Серік Жұманғалиұлы өз сөзінде:
– Барша споршыны жетістігімен шын жүректен құттықтаймын. Әр жетістіктің артында маңдай тер мен уақыт жатыр. Сіздердің көрсеткіштеріңіздің арқасында өңір спорты да үлкен көрсеткішке ие. Сонымен қатар, әр спортшының артында жаттықтырушылары тұр. Жаттықтырушылардың да орасан еңбегі бар. Сол кісілердің арқасында керемет нәтиже көрсетіп жатыр, – деді басқарма басшысы.
Іс-шара барысында облыс әкімінің Алғыс хатымен жеңіл атлетші Руфат Хабибуллин мен жаттықтырушысы Сергей Безгачаев марапатталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хаты ММА жауынгері Егор Желтов пен жаттықтырушысы Дмитрий Ермолаевқа табысталды.
Сонымен қатар, бәсі биік турнирлерде ел қоржынына жүлде салған бірқатар қарағандылық таэквондошы марапатталды.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz