Медицина

Аймақта қызылшаның импорттық жағдайы тіркелді

Аймақта жыл басынан бері қызылша ауруының импорттық жағдайы тіркелді. Түркиядан келген үш баладан қызылша дерті анықталған. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, эпидемиологиялық тексеру барысында науқас балалардың Ыстамбұлдағы мектепте қызылшамен ауыратын балалармен байланыста болғаны анықталды. Ал, Қарағандыға келгенде балаларда катаральдық белгілер пайда болған.

– Қызылшамен көбіне екпе алмаған екі жастан бес жасқа дейінгі балалар ауырады. Бала кезінде қызылшамен ауырмаған немесе екпе алмаған ересектер әлдеқайда аз. Сонымен қатар, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қызылшамен ауыратын науқаспен жақын қарым-қатынаста болған. Яғни қызылша инфекциясының ошағында болған 30 жасқа дейінгі адамдар вакцинацияланбаған. Жедел егу қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы бір вакцинамен, егер ол болмаған жағдайда біріктірілген вакцинамен жүргізіледі. Шұғыл екпе науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі, – дейді Қарағанды облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Балаларға жоспарлы профилактикалық егулер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Халыққа бюджет қаражаты есебінен егу тегін жүргізіледі. Қызылшаға қарсы екпе екі рет жүргізіледі. Әуелі вакцина 12-15 айлық балаларға, ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.

Егер балаңыздың дене қызуы 38-40 градусқа жетсе, мұрынның, көздің, тамақтың шырышты қабығының катаральды қабынуымен және бөртпе пайда болса, онда жұқпалы аурудың белгілері бар деген сөз. Бүгінде қызылшаның тиімді және арнайы емі жоқ. Тек, ауруды жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцинация алу.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button