Бас тақырыпМедицина

Аймақта қызылшаның 87 жағдайы тіркелді

Қарағанды облысында сырқаттанушылар санының артуы өткен жылдың қараша айынан бастап байқалады. Ағымдағы жылдың 3 ақпанындағы жағдай бойынша қызылшаның 87 жағдайы тіркелді.  Халықтың ең осал тобы 14 жасқа дейінгі балалар болып қала береді, олар жалпы сырқаттанушылықтың 87% құрады. 

Сурет Freepik

Қызылшамен сырқаттанушылықтың жас құрылымында 56,3% – бір жастан төрт жасқа дейінгі балалар, 17%-да 1 жасқа дейінгі балалар, үшінші орында – 30 жастан 45 жасқа дейінгі ересектер ауырғанына назар аударғым келеді.

Қызылша – жоғары температура, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, ауыз қуысының шырышты қабаттары, көз және денеде бөртпе пайда болатын жедел жұқпалы вирустық ауру.  Қызылшаның жұқпалылығы өте жоғары болғандықтан және вирус ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан – қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болған кезде вакцинацияланбаған және ауырмаған адамдардың барлығы дерлік ауырады.  Сонымен қатар, вирус желдету жүйелері арқылы ауа ағындарымен тарала алады.

Халықты қызылшадан қорғаудың негізгі әдісі вакцинопрофилактика болып табылады – олар жоспарлы және шұғыл өткізіледі. Вакцинацияланған адамдар өте сирек қызылшамен ауырады, оларда ауру асқынусыз жүреді. Осылайша, науқастар арасында вакцинацияланғандардың үлес салмағы шамамен 80% құрайды.

Вакцина өте тиімді.  Мәселен, республикада қызылшамен сырқаттану жылдарында қосымша иммундау республика аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды оқшаулауға және тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 6 айлықтан бастап 10 ай 29 күндік балалардың, сондай-ақ қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық екпесі жоқ медицина қызметкерлерінің қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауды жүргізуді жалғастыру жоспарлануда.

Юрий ЗАЛЫГИН,
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Басқа материалдар

Back to top button