«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлері абаттандыру жұмыстарын жасады.
Сонымен қатар Саран қаласындағы «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметкерлері және Саран техникалық колледжінің студенттері де апталыққа қолдау көрсетті.
Теміртау қаласының «Шаңырақ» орталығының еріктілері мен «Крепыш» үйсіз жануарларға көмек көрсету әлеуметтік жобасының ұйымдастырушыларымен бірге көшеттер еккен болатын.
Сондай-ақ бүгін акция аясында оқушылар «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (РО)» КММ мұғалімдерімен бірге мектеп айналасына ағаш көшеттерін екті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz