АймақЖаңалықтар

Аймақта соңғы екі тәулікте 7 мас жүргізуші ұсталды

Ішкі істер министрі жариялаған «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» аясында Қарағанды облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның екі күнінде облыс полицейлері 1 560 құқық бұзушылықты анықтап, көлік құралын мас күйінде басқарған 7 жүргізушіні ұстады.

Сурет: polisia.kz

Полицейлер тек көліктерді тексеріп қана қоймай, аймақ тас жолдарының жол жамылғысының жай-күйіне де тексеріс жүргізді . Жол техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына және елді мекендердің көше-жол желілеріне 51 кешенді зерттеу жасады. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдарға 37 ескерту жасалып, жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзған 24 мердігер ұйымға айыппұл салынды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button