Аймақта сирек кездесетін жабайы сабаншы фототұзаққа түсіп қалды
Сирек кездесетін жабайы сабаншы Шет және Ақтоғай аудандарының тасты тауларында фототұзаққа бой көрсеткен. 2023 жылдың күзінен бастап аймақта 19 фототұзақ орнатылған, бірақ бір жыл ішінде сабаншы тек екеуінде ғана байқалған. Cирек кездесетін жануарлардың таралуын әрі қарай бақылау үшін Қарағанды облысының аумағына 27 фототұзақ орнатылған.
– Сабаншылардың тек екі фототұзақта көрінуі таңқаларлық жағдай емес, себебі тұзақтар осы жабайы сабаншының Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларындағы таралу шекараларын анықтау мақсатында арнайы орналастырылды. Көптеген фототұзақ оның тұрақты мекендейтін аумағынан тыс орналасқан. Бұл аймақ сабаншыға қолайсыз болуы мүмкін, себебі қыста мұнда қар мөлшері өте көп, – деп түсіндірді АСБК ғылыми қызметкері Илья Смелянский.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА