Қарағанды облысының сейсмикалық қауіпті өңірлеріне Балқаш және Приозерск қалалары, Ақтоғай ауданының Сарышаған кенті жатады.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтап, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.
Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 23 ақпан күні сағат 10.00-де «Баршаның назарына!» барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.
– Барлық тұрғындардан тыныштық сақтап және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. Барлық тұрғындарды осы оқу-жаттығуларға белсенді қатысуға шақырамыз, – дейді облыстық ТЖД мамандары.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz