Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақта санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 15 мың хаттама толтырылған

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, барлық меншік нысандарына кешенді рейдтер жүргізді. Сонымен қатар ғимараттар, тұрғын үй кешендері, жеке сектордағы үйлер маңындағы аумақтарды абаттандыру, тәртіп пен тазалықты қалпына келтіру, көгалдандыру және өсіп тұрған жасыл алқаптарды кесу бойынша да ауқымды түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Сурет: ПД

Акция жүзеге асырыла бастағаннан бері санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 15 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар толтырылды. 37 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Ұйымдар мен кәсіпорын басшыларына қатысты 3082 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл сауда үйлері, дүкендер, фастфуд кафелері, ойын-сауық орындары, жанармай құю бекеттері және басқа да нысандар. Барлығы 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ Қарағанды қаласының «Эфес Қазақстан» АҚ шөп шабу шараларын ұйымдастырмағаны үшін 369 мың теңге айыппұл мен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аулалар мен подъездерді дұрыс күтпегені үшін 115 ПИК төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Полиция департаменті барлық қалалар мен аудандарда арнайы сайттар ашты. Олардың көмегімен адамдар абаттандыру ережелерінің әртүрлі бұзушылықтары туралы полицияға хабарлау мүмкіндігіне ие. Тазалық пен тәртіпті орнатуға көптеген алаңдаушылық білдірген азаматтар белсенді түрде атсалысуда. Барлық түскен дабылдарға ден қою шаралары қабылдануда, – деді Жасқайрат Қайыров.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button