Бас тақырыпРесми

Аймақта республикалық «Халық заңгері» акциясы өтеді

30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» атты кең ауқымды республикалық акциясы басталады. Бұл шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сурет ұйымдастырушылардан

Акция аясында кез келген азамат еліміздің жетекші заңгерлерінен, адвокаттарынан, нотариустарынан, тергеушілерінен, прокурорларынан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзіне қажетті кеңес ала алады. Заңгерлік көмек алу үшін ешқандай алдын ала тіркеу талап етілмейді.

«Халық заңгері» жобасы ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылар қатарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, республикалық адвокаттар алқасы және басқа да мемлекеттік билік органдары бар.

Қарағанды облысында бұл маңызды шараны облыс әкімдігі, Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бірлесе ұйымдастырып отыр.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін заңгерлік қабылдаулар облыстың әр қаласы мен ауданында ұйымдастырылмақ. Акцияға келушілер үшін кіру тегін.

Міне, Қарағанды облысында «Халық заңгері» акциясы өтетін орындар:

  • Қарағанды қ. – 17:00 бастап, «Таир» сауда ойын-сауық орталығы, Космонавтар көшесі, 1/29
  • Балқаш қ. – Караменде би көшесі, 15, «Ашық әкімдік»
  • Саран қ. – Жамбыл көшесі, 69/1, Саран қаласының Мәдениет үйі
  • Теміртау қ. – Jastar ortalygy, Чайковский көшесі, 2/1
  • Шахтинск қ. – Қазақстанская көшесі, 101, Азаматтарды қабылдау орталығы
  • Приозерск қ. – Пушкин көшесі, 7, Әкім аппаратының акт залы
  • Абай қ. – ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, 34, Юбилейный концерт залы
  • Ақтоғай ауданы – Бөкейхан көшесі, 4, 1-қабат, зал
  • Бұқар жырау ауданы – Ботақара кенті, Мәдениет үйі, Қазыбек би көшесі, 52 В
  • Қарқаралы қ. – Т. Әубәкіров көшесі, 38, Мәдени-демалыс орталығы
  • Нұра ауданы – Мәдениет үйі, Абай көшесі, 35
  • Осакаров ауданы – Достық көшесі, 43, Мәдениет үйі
  • Шет ауданы – Мәдениет үйі, Жанғұтты би көшесі, 39

Көп жағдайда азаматтар заңды құқықтары мен міндеттерін толық білмегендіктен қиын жағдайға тап болып жатады. Бұл акция – құқықтық сауаттылықты арттырып, кез келген сұраққа нақты жауап алу үшін тамаша мүмкіндік. Тұрмыстық дау-дамайдан бастап, жер, мүлік, еңбек қатынастары, отбасылық заңнама, алимент, мұрагерлік, кәсіпкерлік немесе тұрғын үй мәселелері бойынша кеңестер беріледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button