Бас тақырыпБасты тақырып

Аймақта Республика күніне орай жаңа медициналық нысандар ашылды

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін аймақта Республика күніне орай жаңа медициналық нысандар ашылды. Олардың қатарында Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Шет және Нұра аудандары бар.

Өңір бойынша 92 медициналық нысанның құрылысы аяқталған. Олардың қатарында амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер бар. Соның 51-і мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынды.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бұқар жырау ауданына барып, Центральное ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылуына қатысты. Қалған нысандардың тұсаукесері онлайн форматта өтті.

– Ең алдымен баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын – бұл еліміздің ең басты мерекесі! Ал сіздер үшін бүгінгі күн қос қуанышпен есте қалмақ – жаңа амбулаторияның ашылуымен. Мемлекет әрдайым медицина мен ұлт саулығына ерекше көңіл бөледі. Президентіміздің нақты тапсырмасы бар – заманауи медициналық нысандар тек қалаларда ғана емес, ауылдарда да салынуы керек. Себебі ауыл тұрғындары да сапалы медициналық қызметке тең қол жеткізуі тиіс. Біз ауылдық медицина жүйесін әрі қарай дамытамыз, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Центральное ауылында өткен шарада.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button