Бас тақырып

Аймақта мемлекеттік қызметтердің 99,6%-ы электрондық форматта көрсетілді

Қарағанды облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық мемлекеттік қызметтер – 99,6% электрондық форматта көрсетілген. Тұрғындарға барлығы 9 миллионға жуық қызмет көрсетілді.

Сурет caravan.kz

Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде хабарлағандай, цифрлық қызметтердің үлесі күн санап өсіп келеді.

– Бүгінде облыста 186 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, – дейді ол. – Тек қағаз түрінде ғана 17 қызмет көрсетіледі, 102 қызмет қағаз түрінде де, электрондық форматта да көрсетіледі. Жыл сайын электрондық мемлекеттік қызметтер саны өсуде.

Ең көп сұранысқа ие – денсаулық сақтау саласындағы қызметтер. Бұл бағытта 8,5 миллионнан астамы көрсетілген. Ең көп өтініш дәрігердің қабылдауына берілген – 6,6 миллион. Сонымен қатар, тұрғындар жедел жәрдем шақырып (400 мың рет), жұмыспен қамту орталықтарында тіркеліп, балаларды балабақшалар мен мектептерге тіркеген.

Халықты ақпараттандыруға көп көңіл бөлінеді. Облыста 13 азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді, 1100-ден астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі, буклеттер таратылады және т. б. Сондай-ақ, eGov mobile, DamuMed және басқа да онлайн-платформалар мен мобильді қосымшалар пайдаланылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ақпараттандыру басқармасына және әкімдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзім мен заңнаманың сақталуын бақылауда ұстауды тапсырды. Цифрлық сервисті жақсарту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button