АймақБас тақырыпҚарағанды

Аймақта ұлттық спорт қарқынды дамып келеді

Ұлттық спорт – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің маңызды бөлігі. Биыл Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерінен жаңа жарыс маусымы басталды. Маусым айындағы сайыстарға облыстың сегіз өңірінен 350-ге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде. Олар арқылы ұлттық ойындар жанданып, жас ұрпаққа өнеге болып отыр.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрықша мән беріліп отыр. Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына ұлттық ойындар енгізіліп, олардың еліміздің мәдени өміріндегі маңызы ерекше атап өтілді. Бұл – ұлттық спорттың халықаралық деңгейде мойындалып, қазақ халқының бай мұрасы мен мәдени құндылығы ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында өткен облыстық мәслихат сессиясында ұлттық және ат спорт түрлерін дамытуға қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Депутаттық корпустың бұл қолдауы – өңірімізде ұлттық спортты жаңа белеске көтеруге жасалған нақты қадам.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында 36 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Бұл – біздің өңірде ұлттық ойындардың кеңінен таралып, үлкен қызығушылық тудырып отырғанының айғағы. Ауылдан бастап қалаға дейінгі деңгейде ұлттық спорт мектептері, үйірмелер мен секциялар табысты жұмыс істеп келеді.

Басқа материалдар

Back to top button