Бас тақырып

Аймақта коронавирустың 26 жағдайы расталды

Аймақта жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның 45 жағдайы тіркелген. Қаңтар айында – 19 жағдай анықталса, ақпанның 1-і мен 19 аралығында коронавирус инфекциясының 26 жағдайы расталды.

Сурет: interfax.ru сайтынан

Коронавирустық инфекция – жоғарғы тыныс жолдарының басым зақымдануымен жүретін жедел вирустық ауру. Адамдардың табиғи сезімталдығы жоғары, коронавирус қоздырғышы тұрғындардың барлық жас топтарына жұғуы ықтимал. Жоғарыда аталған вирустық инфекциялар ауа тамшылары жолымен жұғады және олардың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button