Аймақта Конституция күні қалай атап өтіледі?
Биыл 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл халықтық референдум нәтижесінде қабылданған еліміздің негізгі заңы Қазақстан Конституциясына – 30 жыл толып отыр. Мерейтойға орай, Қарағанды облысында форумдар, салтанатты жиналыстар, челлендждер, тегін құқықтық консультациялар жәрмеңкелері, концерттер өтеді, сондай-ақ әлеуметтік нысандар ашылмақ.

Майқұдық саябағында Қазақстанның 50 жылдығы саябағында 30 тамызда сағат 12:00-де «Ата Заңға 30 жыл: Тәуелсіз мемлекеттің биік тұғыры» атты ауқымды облыстық форум-концерт өтеді.
Форумның ресми бөлігінде құқық қорғау органдарының үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етіледі. Сондай-ақ, облыс әкімінің білім гранттарын мектеп түлектері алады.
12:45-те сахна төрінде «МузАрт» тобы ән шырқайды.
Сағат 13:15-те ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченконың жетекшілігімен джаз оркестрінің концерті басталады.
Одан кейін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Әуен» және «Арқа сазы» ансамбльдері, сондай-ақ, жаңа Майқұдық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Майқұдық саябағындағы мерекелік шара 16:15-те басталатын қаланың шығармашылық бірлестіктерінің концертімен аяқталады.
Сонымен қатар, Майқұдық саябағында 30 тамыз күні сағат 11:00 тегін құқықтық кеңес беру жәрмеңкесі өтеді. Қарағанды орталық паркінде консультативтік жәрмеңке сол күні сағат 12:00-де өз жұмысын бастайды.
Серіктес қалаларда мерекелік іс-шаралар 29-30 тамызда өтеді.
Саран қаласында 29 тамыз күні сағат 10:00-де Мәдениет сарайының алдындағы алаңда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдайды. Сағат 11:00 -де концерттік бағдарлама басталады. Сағат 12:30-да барлық ниет білдірушілер заңгерлік кеңеске және РТИ шағын ауданындағы 7-ші мектепте жас полицей кабинетінің ашылуына шақырылады.
30 тамызда сағат 15:00-де «Сұңқар» стадионының алаңында өтетін мерекелік концертке қала тұрғындары шақырылады.
Абай қаласында 29 тамыз күні сағат 11: 00-де Мәдениет сарайында мерекелік концерт пен салтанатты жиын өтеді. 30 тамызда сағат 10:00-де «Жігер» стадионында футболдан жарыс өтеді.
Шахтинскіде 29 тамыз сағат 12:00-де Мәдениет үйінде мерекелік концерт пен салтанатты жиналыс өтеді. Қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
30 тамызда Шахан, Новодолинский және Долинка ауылдарында сағат 12:00 мерекелік концерттер өтеді.
Осындай мерекелік шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді деп жоспарлануда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА