Бас тақырыпБасты тақырыпЖаңалықтар

Аймақта коммуналдық тарифтерге жарияланған мораторий нақты нәтиже берді

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Saryarqa» телеарнасының «Әкіммен сұхбат» бағдарламасына қатысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен әңгімеледі. Жыл қорытындысын шығарған аймақ басшысы инфляция, коммуналдық тарифтер, ауыл дамуы, өндіріс, медицина және инвестиция тарту сынды өзекті мәселелерге нақты тоқталды.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жыл Қарағанды облысы үшін күрделі, бірақ, нәтижелі жыл болған. Инфляция деңгейіне коммуналдық тарифтердің өсуі әсер еткені жасырын емес. Алайда, өңір басшылығы бағаны тұрақтандыру үшін жүйелі алдын алу шараларын іске қосты. . Қазіргі таңда баға тұрақталып, нарықта күрт өсім байқалмайды. Сүт пен ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру алдағы уақытта оң әсерін тигізері анық.

– Тарифті көтеріп, бір сәттік табыс табуға болады. Бірақ, бұл ұзақмерзімді шешім емес. Біз тариф, бюджет және несие тетіктерін қатар пайдаланып, жүйені жаңғыртуға бет бұрдық, – деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа да қомақты қаржы бөлініп, назарда екенін айтады. Биыл мұнда яғни тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа 180 млрд теңгеге жуық қара- жат бөлініпті. Бұл жылу жүйелері, электр желілері мен су инфрақұрылымын жаңартуға жұмсалуда.
Алғашқы кезеңде облигация арқылы 6 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, ол Теміртаудағы екі ірі жылу жүйесін жаңғыртуға бағытталыпты. Қалған қаражат Қарағанды қаласындағы су жүйелерін қайта құруға жұмсалмақ. Өңір экономикасының негізгі тірегі – тау-кен өндірісі десек, «Қазақмыс», «Qarmet» компаниялары және дөңгелек шығаратын зауыт бұрынғыдай басты назарда. «Qarmet» өндірісін жаңғырту оң нәтиже берді.
Сонымен бірге, ірі өндірістердің айналасында шағын кәсіпорындар дамып келеді. Балқаштан мыс алып, сым өнімдерін шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды.
Пластик құбыр шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жақын арада тағы екі шағын өндіріс ашылады. Оның бірі – Қарағандыда, екіншісі – Саран қаласында.

– Біздің мақсат – әрбір моноқалада шағын өндіріс ошақтарын қалыптастыру. Жер де бар, шикізат та жеткілікті, қолдау да көрсетіледі, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Бұқар жырау, Ақтоғай сынды бірқатар ауданда да мұндай өндіріс орындары ашылды. Бұл тәжірибені ауылдарға да жеткізу жоспарланып отыр. Ет, сүт өнім-дерін өңдеу, тігін цехтары сияқты барлық бағыттар қамтылады.
Қарағанды облысының үш жылдық бюджетінің 60 пайызы әлеуметтік салаға, 19 пайызы өңір дамуына, қалған бөлігі өзге салаларға бағытталған. Мәслихат шешімімен шағын және орта бизнеске салынатын салық 2 пайызға қысқартылды. Мұнда 240 мыңға жуық адам еңбек етеді. Үкімет қабылдаған жаңа заңдар арқылы кәсіпкерлерге пайыздық үстемесі төмен несиелер мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері де ұсынылуда. Ауылдық аумақтарды дамытуда медицина ерекше орын алады. Биыл облыста 92 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Дегенмен, басты мәселе – кадр тапшылығы.

– Нысан салу жеткіліксіз. Оны мамандармен қамтамасыз ету керек. Сол үшін көтермеақы, тегін үй беру, медицина сыныптарын ашу сияқты шараларды қолға алдық, – дейді әкім.

Ауылға келген медицина мамандарына 8 млн теңгеге дейін көтермеақы қарастырылған, бұл сома алдағы уақытта ұлғаюы мүмкін. Сонымен қатар, 113 жедел жәрдем көлігі сатып алынып, аймақтарға таратылуда. Ал, инвестиция тартуда Қытай бағыты ерекше маңызға ие. Үрімші қаласында ашылған өкілдік кеңсе қазақстандық, оның ішінде қарағандылық кәсіпкерлерге уақыт пен ресурсты үнемдеуге жол ашты.
Сондай-ақ, Қарағанды әуежайының тиімді географиялық орналасуы логисти- калық хаб құруға мүмкіндік береді. Әуежай маңындағы жерлер босатылып, ин- фрақұрылымды дамыту басталғаны тілге тиек етілді. «Қарағанды-Әуежай» теміржол желісін салу жобасы зерттеліп жатса, «Қазпошта» қытайлық серіктестермен сұрыптау орталығын ашу жөнінде келіссөз жүргізуде. Шетелдік ұшақтарға жанармай құйып, транзиттік қызмет көрсету де жоспарланған.
Бұл ауқымды сұхбат облыс дамуының кездейсоқ емес, нақты есепке, цифрға және ұзақмерзімді жоспарға негізделгенін аңғартты. Атап айтсақ, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жүздеген мил-
лиард теңге бағытталып, өндіріс пен шағын бизнесті дамыту қатар жүріп жатыр. Әлеу- меттік сала, әсіресе ауыл медицинасы – басты назарда. Ал, Қытаймен әріптестік пен әуежай инфрақұрылымы өңірді халықара- лық деңгейге шығаруға мүмкіндік бермек.
Осылайша, кеншілер өлкесінің бүгінде тұрақтылықты сақтап қана қоймай, болашаққа батыл қадам жасап отырғанын айрықша атап өткен жөн.

Жәлел ШАЛҚАР
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button