Ресми

Аймақта өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің соңғы кезеңдері өтуде

Биыл алғаш рет ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қарағанды облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп Өңірлік кадр резервінің соңғы кезеңдерін өткізуде. Ағымдағы жылдың 19-20 тамызында, құрылымдық сұхбат кезеңі өткізілді.

Сурет департаменттің баспасөз қызметінен

Іріктеудің осы кезеңіне ҚР Пезиденті жанындағы басқару Академиясында құзыреттілікті бағалаудан өткен 43 үміткерқатысып, Қарағанды облысының Өңірлік кадр комиссиясының алдында өз жобаларын қорғады.

Іріктеудің қорытынды тізімін анықтау мақсатында, жуық арада Қарағанды облысының өңірлік кадр комиссиясының соңғы отырысы жоспарланған. Облыстағы Өңірлік кадр комиссиясының төрағасы облыс әкімі болып табылады.

Соңғы отырыстың шешімімен Қарағанды облысының Өңірлік кадр резервіне алынған 25 үміткердің тізімі анықталады.

Олардың барлығы мемлекеттік қызметте орта буындағы басшылық лауазымдарға орналасуға үміткер бола алады.

Байқауға барлығы 364 адам қызығушылық танытқан. Биылғы іріктеуде өңірлік Кадр комиссиясы үміткерлерді жеті салалық бағыт бойынша таңдады: Индустрия және өнеркәсіп, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экология, экономика және қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, цифрландыру.

Өңірлік кадрлық резервке іріктеуге 35 жастан аспаған Қазақстан тұрғындары қатыса алды. Жоғары білімінің және кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы жоба қатысушыларына басты талап болды.    

Өңірлік кадр резервінің негізгі мақсаты – облысымызда дарынды жастар арасынан басқарушылар пулын қалыптастыру.

Іріктеудің қорытынды отырысында айқындалған тізім Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің және Қарағанды облысы әкімі аппаратының сондай-ақ, onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайттарында жарияланатын болады.

Данияр АБДРАХМАНОВ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің  Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button