Бас тақырып
Аймақта ірі қара малынан құтырма ауруы анықталды
Қарқаралы ауданы Жарлы ауылында ірі қара малдарынан құтырма ауруы анықталды.
Ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандарының айтуынша, әзірге екі сиырдың көзі жойылып, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленбек.
Ветеринарлар қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін екенін айтады. Ауылда шектеу шаралары енгізіліп, ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ елді мекенге кіріп-шыққан көліктердің бәрі тексеріледі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.