Жаңалықтар

Аймақта егіс жұмыстары аяқталды

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров аймақта егіс жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Биыл 1млн 105,5 мың гектар егіс алқабына егін егілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда – 43,7 мың гектарға ұлғайған. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев егінді зиянкестерден қорғау үшін егістіктерді уақтылы өңдеп, астық пен көкөніс қоймасын ертерек дайындау жұмыстарына қамдануды тапсырды.

 

– Абай, Бұқар жырау, Нұра және Осакаров ауданында егіс алқабы ұлғайтылған. Дәнді дақылдар – 957,2 мың гектарға, картоп – 12 033 гектарға, көкөністер – 274 гектарға отырғызылған. Ал, жемшөп дақылдарының алқабы 16,3 мың гектарға ұлғайтылған, – деді басқарма басшысы.

– Бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Егістіктерді өңдеу маусым айына жоспарланған. Жұмыстың сапалы жүргізілуін бақылау қажет. Сонымен қатар, тиісті техникаларды егін жинау маусымына дайындауды қазірден бастау қажет. Қоймаларды да ретке келтіре беріңіздер. Малға жем дайындауды да қолға алу қажет, – деді, өңір басшысы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button