АймақЖаңалықтар

Аймақта демалыс күндері болған өрттен екі адам қаза тапты

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Бір адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болса, өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйден екінші адамның күйік шалған денесін тапқан.

Сурет: ТЖД

9 наурызда Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, тұрмыстық заттар мен жиһаз өртенген. Өрттің шығу себебі ашық өрт ошағы екені анықталды. Пәтерден көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған 1958 жылы туған ер адамның денесін табылды. Өлімнің нақты себебі анықталуда.

– Теміртау қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шығып, тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кетті.1958 жылы туған пәтер иесі өрт орнынан көшеге шығарылып, жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады.Төтенше жағдайлар қызметінің күштері жоғарғы қабаттардан 2 адамды эвакуациялады, – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Екінші қайғылы оқиға 10 наурыз күні Қарағандыда болған. Қазыбек би ауданындағы жеке тұрғын үй өртеніп, өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 1946 жылы туған үй иесінің өртенген денесін тапты. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер өрттен төрт тұрмыстық газ баллондарын шығарған.

Сурет: ТЖД

– Пищевая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шығып, өрт орнынан 1946 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері өрт орнынан 27 литрлік төрт тұрмыстық газ баллондарын шығарды. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деді ТЖД мамандары.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button