Бас тақырып
Ертең аймақта бұрқасын күтіледі
Қазгидромет мәліметі бойынша ертең аймақтың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

– Осыған байланысты ТЖ департаменті облыстың барлық тұрғындарына жел күшейгенде, көктайғақ және тұман кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді. Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыстың шектелулерін ТЖД-нің ресми сайттарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыздар, – делінген хабарламада.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz