Аймақта бостандыққа шыққан 200-ге жуық сотталушы жұмыспен қамтылған
Қарағанды облысында соңғы екі жылда бостандыққа шыққан 200-ге жуық жазасын өтеуші жұмысқа орналасқан.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бостандыққа шыққандардың 60%-ға жуығы жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болса, 30%-ға жуығы баспанасыз қалған. Болашаққа сенім болмаса, қылмыстың қайталану қаупі айтарлықтай артады. Сондықтан оның алдын алу үшін Қарағанды облысының колонияларында бірнеше жылдан бері «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл әлеуметтік жобаның мақсаты – темір тордан шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамту және тұрмыстық жағдайларын түзеп, әлеуметтік оңалту жүйесін құру.
Соңғы екі жылда жоба аясында 100-ден астам кездесу өтіп, 200-ге жуық адамға жұмысқа орналасуға және әлеуметтік бейімделуге көмек көрсетілген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.