Бас тақырып
Аймақта бірнеше ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылған қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетін жойды.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады.
– Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрі тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Қуандық Алпыс.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz