Бас тақырып
Аймақта бейнекамералардың саны артты
Облыстық полиция департаменті 1 мамырдан бастап Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Абай қаласы мен Ботақара кентіне жаңа жылдамдық өлшегіштерді қойды.
Бүгінде аймақта жол ережесін бұзуды тіркейтін 110 кешен бар. Оның 94-і – жылдамдықты бақыласа, 16-сы – бағдаршамдағы ереже бұзушылықтарды тіркейді. Жол жүру ережесін бұзғандардың басым бөлігі – жылдамдықты арттырған жолаушылар. Яғни, бір айда тіркелген 67 жағдайдың 31-і – жылдамдықты арттырғандар.
Осы мәселенің алдын алу үшін аймақта 1 мамырдан бастап тағы 38 жаңа жылдамдық өлшейтін бейнекамералар қойылды. Оның 26-сы жылдамдықты өлшесе, 12-сі – бағдаршамдағы қимыл-қозғалысты түсіреді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz