Бас тақырыпЖаңалықтар
Аймақта қарлы боранның соңы аязға ұласпақ
Синоптиктер ертеңгі күнгі ауа райы болжамын ұсынды.

– Қарағанды мен облыстың басқа қалаларында қарлы боранның соңы аязға ұласады. 22 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Сонымен қатар, ауа температурасы күрт төмендейді,- дейді мамандар.
Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына үндеу жасап, қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмауды сұрады. Аса қажет болмаса, елді мекендерден шығу ұсынылмайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.