Аймақта Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Елімізде 2016 жылдан бастап 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қарағанды облысында мереке күні концерттер, қайырымдылық акциялары, фестивальдар, көрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. шаралар өтеді.

Қарағанды
28 ақпанда сағат 12:00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қолөнер – рухани жан серігің» көрме-жәрмеңкесі ашылады. Ол 28 ақпанда сағат 18:00-ге дейін, сондай-ақ 1 және 2 наурызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
1 наурызда сағат 10:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Адамгершілік – асыл қасиет» өңірлік форумы басталады. Форумда «Мейірімділік керуені» республикалық байқауының басталуы ресми түрде жарияланады.
Осы күні сағат 12:00-де қаланың орталық алаңында Тәуелсіздік стелласына гүл қою рәсімі өтеді.
Сағат 14:00-де Достық үйінде «Мэрцишор-2025» XI румын фольклорының фестивалі басталады. Фестивальдің хедлайнері Молдованың еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ болады. Сонымен қатар, гала-концерт, румындардың ұлттық киімдері мен дәстүрлі тұрмыс заттарының көрсетілімі, кітаптар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады. Кіру тегін.
1 наурызда сағат 12:00 теміржолшылар мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Бір ел – бір халық» халық тұрмысы фестивалі өтеді.
Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында «Рахмет саған – туған ел» концерттік бағдарламасы ұсынылады.
Теміртау
28 ақпанда сағат 15:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орайластырылған фестиваль ашылады. Іс-шара қонақтары заманауи Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың тағамдарымен, киімімен, тұрмысымен және дәстүрлерімен интерактивті түрде таныстырылады.
1 наурызда сағат 11:00-де Металлургтер мәдениет сарайында FOLK SYMPHONY этнофолькоркестрінің қатысуымен «Алғысым шексіз еліме» атты мерекелік концерт өтеді.
Саран
1 наурыз күні сағат 11:00-де Мәдениет үйінде «Жақсылық жаса» атты салтанатты концерт өтеді.
1 наурызда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алғыс айту күніне арналған «Біз Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты іскерлік конференция өтеді. Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер жұмысының қорытындылары талқыланады.
Осы күні қалада «Мың алғыс!» акциясы өтеді.
Шахтинск
1 наурызда «Жүректен жүрекке» меценаттарға құрмет көрсету рәсімі өтеді.
Осы күні «Ақсүйек» спорт клубында ұлттық және үстел ойындарынан жарыстар өтеді.
Сондай-ақ, Алғыс айту күні қалада мұқтаж жандарға қажетті заттар мен азық-түлік жиынтықтарын тарату және жалғыз басты зейнеткерлердің ауласын қардан тазарту бойынша қайырымдылық акциялары өтеді.
Қарқаралы
28 ақпанда Жандарбекова атындағы мәдени-ойын-сауық орталығының сахнасында «Мың алғыс саған, Қазақ елі» атты концерт өтеді.
Сонымен қатар, 1–3 наурыз аралығында Алғыс айту күніне орайластырылған бес асық ойыны, шаңғымен жүгіру және волейбол жарыстары өтеді.
Аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, мерекелік концерттер, жарыстар ұйымдастырылады.
Абай ауданы
28 ақпанда «Достық, бірлік және келісім ою-өрнегі» фестиваль-байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Сондай-ақ, 1 наурызға қарай ауданда көрмелер, қайырымдылық акциялары мен челлендждер өтеді.
Ақтоғай ауданы
28 ақпанда аудандық мәдени-демалыс орталығында Алғыс айту күніне орайластырылған мерекелік концерт өтеді.
Сондай-ақ, аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, кездесулер, концерттер мен қайырымдылық акциялары өтеді.
Нұра ауданы
28 ақпан күні сағат 11:00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдени диалогтың бірегей үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Бұқар жырау ауданы
28 ақпанда «Әртүрліліктегі бірлік» атты дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, мерекеге орай қайырымдылық акциялары мен челлендждер ұйымдастырылады.
Приозерск
1 наурызда қала көшелерінде тұрғындарға ыстық шай таратылады. Сондай-ақ, Алғыс айту күніне орай сурет байқауы өткізіледі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА