Жаңалықтар

Аймақта 7 мың ерікті

Облыста волонтерлікті дамытудың жол картасы қабылданды. Облыстық әкімдікте өткен онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте қоғамдық қозғалысты қолдау туралы айтылды.

Бүгінгі таңда облыста 97 волонтерлік ұйым мен топ жұмыс істейді. Оларға шамамен 7 мың тұрғын кіреді. Көбінесе, бұл – жастар. Жұмыстың негізгі бағыттары – қайырымдылық және Әлеуметтік волонтерлік. Сондай-ақ, экология және жануарларды қорғау саласындағы бастамалар белсенді дамуда, – деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов.

Волонтерлердің фронт-кеңсесі облыстың жастар ресурстық орталығының жанынан ашылған. Ол еріктілер қозғалысын үйлестіреді, ресурстық қолдау көрсетеді. Барлық қалалар мен аудандарда еріктілер штабы бар. Сонымен қатар, облыста Qoldau еріктілер орталығы жұмыс істейді. Коворкинг-орталықтар волонтерлік топтардың жиналатын орнына айналды.

Басқарма басшысы волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы туралы баяндады.

Волонтерлік ұйымдарға гранттар беру жоспарлануда. Олардың қызметі үшін тегін бөлмелер бөлінеді. Бизнес-қоғамдастықтың қолдауымен корпоративтік волонтерлікті дамыту көзделіп отыр. Онлайн режимінде тренингтер ұйымдастырылады.

«Елімізде «Волонтер жылы» деп жарияланған 2020 жыл қозғалыстың дамуына серпін берді»,– деп атап өтті Біржан Әлімжанов. Оның айтуынша, бір жыл ішінде облыста 1 500-ден астам еріктілер акциясы өткізілді. Ал биыл «Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 23 тонна азық-түлік, сондай-ақ, жеке қорғаныш құралдары таратылды.

Еріктілер Birgemiz: Saýlyq, Bilim, Taza Álem және т. б. жобаларға қатысады.

Қарағанды медицина университетінің студенті Дарын Әбілжанов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жалпыұлттық жобасының жеңімпазы, волонтер-медиктер мектебін ашты. Мыңға жуық адам медициналық көмек көрсетуге және науқастарды күту ережелерін оқыды.

Еріктілер қозғалысының жаңалықтарын Jasprokrg_chat телеграмарнасынан білуге болады.

Волонтерлік азаматтық қоғамды дамытуда ерекше орын алады. Облыста белсенді еріктілер саны өсуде. Жол картасын іске асыруға ерекше назар аудару қажет. Біз волонтерлік бастамаларға қажетті қолдау көрсетеміз, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Аймақ басшысы волонтерлік ұйымдарға тегін орын-жай беру мәселесін шешуді тапсырды. Ол Birgemiz бағыты бойынша жобаларды кеңейту қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button