Аймақта 289 мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады
Аймақта 62 мыңнан астам баланы қамтитын 289 мектеп жанындағы лагерь, 293 бейінді алаңда жазғы маусымды бастады. Сонымен қатар, өңірде алғаш рет 380 баланы қамтитын 9 арнайы мектеп-интернатта тамақтанатын мектеп жанындағы лагерь ашылды.
Қазіргі уақытта аймақта «Қауіпсіз жаз – 2023» облыстық акциясы басталды. Акция аясында 300-ге жуық оқушыға түрлі спорттық, эстафеталық ойын түрлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік құрылым өкілдері судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электр құралдарын пайдалану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарын түсіндірді.
– Барлық 43 қосымша білім беру ұйымдарында жекелеген жұмыс кестесі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін олардың мүдделерін ескере отырып түрлі экскурсиялық іс-шараларды қамтитын бағдарламалар бекітілді. Соған сәйкес ұйымдарда үйірмелер мен секциялар жазғы маусымның барлық кезеңінде жұмыс істейтін болады. Жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі білім басқармасының ерекше бақылауында, – деп жазды облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова Facebook парақшасында.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz