Бас тақырыпБасты тақырып

Аймақта 260 мың тонна картоп пен 18 мың тонна көкөніс жиналды

Қарағанды облысында бүгінге дейін 780 мың тонна астық бастырылып, 260 мың тонна картоп пен 18 мың тонна көкөніс жиналды. Қазірдің өзінде маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру үшін көкөніс өнімдері тұрақтандыру қорына жөнелтіле бастады.

Сурет облыс әкімдігі сайты

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Түлібеков аппараттық жиында мәлімдеді. Алдын ала болжамға сәйкес, биыл облыстың диқандары шамамен 1 миллион тонна астық, 373 мың тонна картоп және 75,5 мың тонна көкөніс жинайды деп күтілуде.

– Жаңа өнім есебінен өңірлік тұрақтандыру қоры жасақталуда. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 11 700 тонна картоппен қатар, 7 мың тоннадан астам сәбіз, пияз және қырыққабатты сатып алу жөнінде келісімшарт жасаған, – дейді Әнуар Түлібеков.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button