Білім

Аймақта 172 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Аймақта 172 мыңнан астам оқушы мектепті тәмамдады. Оның жеті мыңнан астамы – 11-сынып, 15 мыңнан астамы – 9-сынып түлектері. 147-сі – «Алтын белгісіне», 421-сі – үздік аттестатқа үміткер. Мектеп түлектері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды гимназиясында өткен түлектер шеруіне қатысып,  соңы салтанатты жиынға ұласты.

– Бүгін түлектер мен олардың ата-аналары үшін өте әсерлі және сонымен бірге өте қуанышты күн. Мектеп кезеңі артта қалып, алда жарқын болашақ күтіп тұр. Сіздердің әрқайсыларыңыз өмірде өз орындарыңызды тауып, туған гимназияны және сіздерге барын салған мұғалімдерді жылы шыраймен еске алуларыңызды тілеймін, – Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды гимназиясының директоры Салтанат Жүнісова.

 

11 «Ә» сыныбының түлегі Мадияр Қуаныш болашағын электр энергетикасымен байланыстыруды жоспарлап отыр. Тіпті, жоғарғы оқу орынын да таңдап, ҰБТ-ға дайындығын бастап кеткен.

– Мен атам мен анамның ізін жалғастырғым келеді. Олар осы салада жұмыс істейді. Атам – Қазақстанның құрметті энергетигі. Сынақ ҰБТ-да орта есеппен 100 балл жинап жүрмін. Жыл бойы ҰБТ-ға дайындық пен оқуды, достарымен көңілді уақыт өткізуге, бәрін үлгеруге тырыстым. Өйткені, бұл біз үшін ұмытылмас керемет сәт. Мектеп менің – екінші отбасым. Мектептен кейін де сыныптастарыммен жылы қарым-қатынаста боламыз деп үміттенемін. Болашақ түлектерге мектептегі әр күннен ләззат алуды тілеймін, өйткені бұл уақыт енді оралмайды,– жас түлек Мадияр Қуаныш.

 

Ал, 1-сыныпты тәмамдаған Аниса Асқарова:

– Мен бүгін бірінші сыныпты бітірдім. Үздік оқушымын. Маған мектеп ұнайды. Достарым көп. Сүйікті пәнім – математика. Берілген тапсырмаларды шешу маған оңай. Бірақ болашақта мен суретші болғым келеді. Шығармашылық маған жақынырақ, – Аниса Асқарова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button