Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақта 0–11 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан өткізіледі

Қарағанды облысы білім басқармасының хабарлауынша, 12 наурыз күні қолайсыз ауа райына байланысты 0–4 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі барлық бірінші ауысым сыныптары да қашықтан оқыту форматына көшірілген:

«12 наурыз күні қолайсыз ауа райына байланысты облыстың тоғыз өңірінде бірінші ауысымдағы 0–11 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан өткізіледі: Абай, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында және Бұқар жырау, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Нұра аудандарында сабақтар онлайн өтеді», – деп хабарлады білім басқармасының өкілдері. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button