Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақ құтқарушыларына 20 жаңа техниканың кілті табыс етілді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың аймаққа жұмыс сапары барысында аудандық бөлімшелерге 20 техника тапсырылды.

Суреттер: ТЖД

Салтанатты шара Қарағанды қаласының орталық алаңында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен өтті. Шыңғыс Әрінов материалдық-техникалық базаны нығайту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру басымдық болып қала беретінін атап өтті.

– Біз жоспарлы түрде қызмет көрсетуді жаңартып, құтқарушылардың жағдайын жақсартып жатырмыз. Менің міндетім – әрбір техниканың, әрбір бөлімшенің кез келген сынаққа дайын болуын қамтамасыз ету, – деді министр.

ТЖД бөлімшелерінің автопаркі өткен жылда да республикалық бюджет есебінен айтарлықтай жаңартылған болатын.

Жаңа техникалар төтенше жағдайларды жоюдың тиімділігін арттырып, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартары сөзсіз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button