Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақ полицейлері ірі есірткі тасымалдаушыларын ұстады

Қарағанды-Астана тас жолында 13 қап марихуана тасымалдап келе жатқан Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды. Полицейлер олардан салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана тәркілеген. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: ПД

– Қарағанды-Астана тас жолында  полицейлер 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны басқарған «Ауди А6» көлігін тоқтатты. Көлік ішінде сол өңірде тұратын жолаушы да болған. Автокөлікті тексеру барысында полицейлер артқы орындық пен жүксалғыштан 13 қап өсімдік тектес затты тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button