Жаңалықтар

“Қазақмыс” корпорациясы жұмысшы-қызметшілерге материалдық көмек көрсетуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 созылмалы пандемиясы кезеңінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үндеулерін қолдау мақсатындаKazakhmys” Holding” (“Қазақмыс” Холдинг) ЖШС директорлар кеңесі, еңбекақысы келісім-шарт бойынша жүргізілетін қызметкерлерінен басқа жұмысшы-қызметшілерінің барлық санатына 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы шешім қабылдады.

Компанияның бұл бастамасы қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық қолдауға бағытталған іс-шаралардың жалғасы болып табылады. Оның ішінде, 2020 жылдың сәуірінен бастап жалақының ең төменгі деңгейін 140 мың теңгеге дейін көтеру, қызметкерлерді әлеуметтік-материалдық жағынан қолдау қарастырылған. Соған орай, КВИ-мен ауырып, медициналық мекемелерде емделуіне байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша қосымша ақы 2020 жылдың мамырынан қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде төленеді.

Басқа материалдар

Back to top button