Аймақ басшысы жеке қабылдау өткізді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жеке қабылдау өткізді. Кездесуде өңір тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі, медициналық қызмет көрсету сапасы және әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарын қойды. Тұрғындардың сұрақтарын шешу үшін кездесуге басқарма басшылары мен өкілдері шақырылды, ал қалалар мен аудандардың әкімдері онлайн байланыста болды.

Осы күні қабылдауға келгендердің бірі – Осакаров ауданының тұрғыны. Жерлестерінің атынан ол облыс әкіміне газдандыру мәселесімен жүгінді. Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын ЖСҚ әзірленіп, тендер өткізілген, бірақ сатып алуларға қатысушылардың біреуіне байланысты сот даулары басталып, проблема сол күйі қалған. Ермағанбет Бөлекпаев мәселені тез арада шешуді тапсырды.
– Газдандыруды бастау керек, – деді облыс әкімі. – Магистральдық құбыр жүргізілген соң жобаны екі кезеңге бөлуді ұсынамын: автономды газ тарату стансасының құрылысынан бастау, содан кейін ішкі желілерге көшу. Сондықтан ақсақалдарға және ауданның барлық тұрғындарына мәселенің шешілетінін жеткізсеңіз болады.
Сондай-ақ, кездесуде жер учаскесі бойынша сот талқылауына, ЖСЗТ бағдарламасына, еріктілерді қолдауға, медициналық қызметтердің сапасы мен Шахтинскке медициналық-әлеуметтік сараптаманы қайтаруға, сондай-ақ осы қалада балаларға арналған оңалту орталығын ашуға қатысты тұрғындардың өтініштері қаралды.
– Биыл Балқашта оңалту орталығының құрылысын аяқтаймыз, ал келесі жылы осындай нысан Шахтинскіде «Қамқорлық» корпоративтік қорын қаржыландыру желісі бойынша ашылады. Қазір ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.
Тұрғындардың көптеген сұрақтарына сол жерде жауаптар берілді. Мұқият қарауды талап еткендер одан әрі шешілуі үшін бақылауға алынды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА