Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жөндеу жұмыстарын тексерді

Қарағандыдағы қазақ тілінде білім беретін жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі 30-шы шағын ауданында орналасқан мектеп
1200 оқушыға арналған. Бұдан басқа, қаланың барлық мектептері мен балабақшаларының аулалары жөнделіп, абаттандырылуда.


Білім ошақтарында алғаш рет өткізіліп отырған мұндай ауқымды жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асуда. ЖҚЖК аясында облыс орталығында мектептер мен балабақшалардың жөндеу жұмыстарына ғана емес, сонымен қатар, тұрғын үйлердің қасбеттерін және шатырларын жаңартуға да қаражат бөлінген.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы құрылыс орындарына жұмыс сапары барысында №16 және №5 мектептер мен «Гүлдер» балабақшасының құрылыс және жөндеу жұмыстарының қарқынын тексерді. Бұл нысандар ондаған жылдар бойы жөндеуді қажет еткен. Білім ошақтары ғимараттарында кәріз жүйесі мен шатыры ауыстырылып, мектеп жанындағы аумақтарға тас жол төселді. Балабақша аумағына да жаңа тас жол төселіп, жарықтандыру жүргізілді, шағын сәулеттік мүсіндер орнатылды.
– Балабақшаға биыл 45 жыл толды. Мұндай жол бізде ешқашан болған емес. Әрине, біз мұнда жаңа асфальт төсеуді көптен күттік, – деді «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Лариса Расадинова.
Қазірде Қарағандыда ЖҚЖК бойынша 144 нысанда жұмыстар жүргізілуде. Жөндеудің басты шарты – жұмыс орындарын құру. Осылайша, биылғы жылы қалада 7 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Олардың жартысы жұмысқа жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды.
Облыс әкімі сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылыс алаңында болды. Пандемия құрылыс саласына да кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, жұмыстар сәл баяу жүруде. Ал, жаңа теннис корты барлық тілек білдірушілерді қабылдауға дайын. Спорттық нысан карантин аяқталған соң, бірден іске қосылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек карантин жағдайында аймақтың басты жолаушы тасымалдаушысы – үшінші автопарктің қалай жұмыс істейтінін арнайы барып көрді. Кәсіпорын балансында 500 автобус бар, оның 200-і қалааралық қызмет көрсетеді. Аймақ басшысын автобус паркінің жаңаруына қатысты мәселесі де қызықтырды. Мекеме директоры Артур Григорянның айтуынша, күзде Yutong маркалы 70 автобус сатып алу жоспарланған.
Облыс әкімі жұмыс сапары барысында санитарлық талаптарды сақтау мәселесін де қозғады.
Әр ауысымнан кейін автобусқа мұқият тазалау, желдету жұмыстары жүргізіледі. Жүргізушілер мен кондукторлар бетперде, санитайзер және басқа да тазалық жұмыстарына арналған қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтоновтың айтуынша, осындай күрделі кезеңде автопаркке жолаушы тасымалдауға қосымша автобустар шығару мәселесін қарастыру тапсырылған.

Басқа материалдар

Back to top button