Бас тақырып

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Топар кентіне барды

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Топарға іс сапармен барып қайтты. Сапар барысында Абай қаласын, Топар кенті мен Топар жылыжайларын жылу және электрмен қамтамасыз етіп отырған МАЭС станциясының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Топардағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына да ат басын бұрды.

Бүгінде жылу көзіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сегіз трубинаның жетеуі жұмыс істеп тұрса, үшеуі қайта құрылуда.

Станцияның қуатын 100МВт. Бүгінде оны 130 МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда. Онда мөлшерде мазут пен көмір қоры жеткілікті болғандықтан, температура режимі сақталады.

Шығармашылық орталығы 2018 жылы ашылған. Қазіргі уақытта орталықтағы тоғыз зертхана бар.

Мұнда 5 жастан 18 жасқа дейінгі 360 бала тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер аймақ басшысына өз жобаларын таныстырды.

– Зертханалар заманауи жабдықтармен жабдықталған. Әрі бағыттары да әртүрлі. Оның ішінде, техникалық модельдеу, робототехника, эстрадалық-драмалық студия, 3D модельдеу бар. Балаларға зияткерлік ойындар көбірек ұнайды. Орта жастағылар робототехниканы, ересектер – 3D модельдеуді ұнатады. Болашақта біз Көксу мен Южныйда бөлімшелерімізді ашқымыз келеді, – дейді орталық басшысы Ахат Жакиев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button