Аймақ

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Абай ауданында болды

Осы күзде Абай ауданының Юбилейный ауылының тұрғындары аудан орталығына және Қарағандыға жаңа көпір арқылы бара алады. Ескі көлік құрылымы су тасқынына байланысты жарамсыз болып қалған.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданы бойынша жұмыс сапары барысында Тасзайымка ауылына кірме жолды қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.

Жолдың ұзындығы – 2,2 км, оның ішінде 77 метрлік көпір бар. Көпірдің биіктігі – 4 метр.

Қазір барлық арқалықтар дайын, қадалар орнатылған, бетон жұмыстары қалды. Мердігер қыркүйек айының соңында көпірде қозғалыс іске қосылады деп уәде берді.

Облыс әкімі мердігерге жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев Дубовкаға барды, онда кәріз желілері қайта жаңартылуда. Қолданыстағы жүйенің тозуы 90%-дан асып кеткен. 2024 жылы аяқталатын жоба бойынша 29,6 км құбыр салынады.

Бұдан әрі өңір басшысы “Бас” ТКК” ЖШС көмір разрезіне барды. Мұнда олар металлургия өнеркәсібі үшін ОС және К маркалы кокстелген көмір өндіруді жоспарлап отыр.

Қазір аршу жұмыстары жүргізілуде. Өндіру жоспары – жылына 300–500 мың тонна.

“БАС” компаниясының құрылтайшысы Денис Черкашиннің айтуынша, кен орны өте бай – көмір, құм-қиыршық тас қоспасы, жасыл және қызыл саз бар. Кәсіпорын байыту фабрикасы мен кірпіш зауытын салуды ойластырып отыр.

Топар кентінде Ермағанбет Бөлекпаев 100 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болды. Тұрғындар спортпен шұғылдану үшін көптен бері орын сұраған.

Жаңа ДСК-де әмбебап ойын залы (баскетбол, волейбол, бадминтон, үстел теннисі), спортзал мен күрес залы, жаттықтырушылар бөлмесі және басқа да көмекші бөлмелер болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button