Бас тақырып

Аймақ басшысы теміртаулық тұрғындармен сенбілікке шықты

Бүгін – Республикалық жаппай сенбілік. Бұл сенбіліктер өңір тұрғындары қалыс қалмай, қоршаған ортаны қоқыстан тазартты. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау және Нұра, Бұқар жырау, Осакаров ауданының тұрғындарымен бірге сенбілікке қатысты. «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы бері қала жастары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қаладан 1 557 тонна қоқыс қалдықтарын шығарған.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Деректерге сүйенсек, Теміртауда жиналмаған аумақтар үшін полиция өкілдері күніне орта есеппен 20 хаттама толтырады. Егер бір апта ішінде тәртіп орнатылмаса, 30 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Аймақ басшысы алдымен Нұра, Бұқар жырау және Осакаров ауданына барып қайтты. Аудандық ауруханаларға барып, қосымша құрылыс пен алдағы жоспарлар жайында айтып берді.

Одан кейін Теміртау қаласына барып, бірнеше қала көшесінің ахуалымен танысты. Қаладағы мәселелерді тілге тиек етіп, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды. Орталық аурухана осы жылдың күзінде жаңа форматта жұмыс істейтінін де баса айтты. Сонымен қатар, 7-ші шағын ауданы, 12-ші үйдің тұрғындарымен бірлесе сенбілікке қатысты.

– Бүгін Теміртауға, келесі аптада Саран, Шахтинск, Абай қаласына барамын. Облыстың барлық қалалары мен аудандарына барамыз. Сенбілікке шығып, ауласын тазалап жатқан үйлердің тұрғындарына алғыс айтамын. Мұндағы алаң өте жақсы. Қала әкіміне мұнда да абаттандыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Мен барлық тұрғындарға аумақтарыңызды тазалауша шақырамын, – деді облыс әкімі.

7-шағын ауданы, 12-ші үйінің тұрғыны Елена Ардабаева балалар ойнайтын жасыл алаңның маңайын қоқыстан тазартуға шығыпты.

– Біз бұл алаңды жақсы көреміз. Балаларымыз осы алаңда күні-түні ойнайды. Сондықтан, бәріміз үшін осы жердің тазалығы маңызды. Бала ойнайтын жер қашан да таза болуы қажет. Сол себепті үнемі сенбілікке шығамыз. Аула тұрғындары да белсенді, – деді ол.

Аймақ басшысы Теміртаудағы автотұрақтардың бірінің иесіне санитарлық жағдай бойынша ескерту жасады. Ал, олар өз тарапынан тиісті жұмыстар істеп, тәртіп орнатып жатқанын айтты.

Қаланың кіреберісіндегі Металлургтер даңғылын жөндеуге дайындық басталды. Қазіргі уақытта асфальт фрезерлеу техникасы жұмыс істеп жатыр. Келесі аптадан бастап мердігерлер Металлургтер даңғылындағы – Бейбітшілік даңғылынан Республикаға дейінгі жол төсемін ағымдағы жөндеуге кіріседі.

Аула, жолдар мен тротуарлар, саябақтар мен гүлзарларды тазалау жұмыстары да жүргізілді. Аймақ басшысы қала ахуалын көзбен көріп, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жоюды тапсырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button