Ресми

Аймақ басшысы Теміртау тұрғындарымен кездесті

Теміртаудағы көшпелі қабылдаудан кейін үш ай өткен соң Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқарма басшыларымен бірге металлургтер қаласына тағы келді.

Ол кезде жүзден астам адам өтініш білдірсе, бұл жолы адам легі аз болды.

Электронды кезек арқылы 44 талон берілсе, оның 25-і облыс басшысының атына берілді.

Теміртау әкімі Ораз Тәуірбековтың айтуынша, шілдеде өткен көшпелі қабылдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі оң шешімін тапқан.

– Барлық сұрақтар ескерілді. Тек бірден шешілмейтін, уақытты талап ететін мәселелер ғана қалды. Олар қоршаған ортаға, стихиялық полигондарға, қоғамдық көлікке қатысты мәселелер. Әсіресе, біздің тұрғындарды трамвай паркінің тағдыры алаңдатады. Әрине, ең бастысы жылу мәселесі, – дейді қала әкімі.

Бұл жиынға тұрғындардың көбі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерімен жүгінді. Олар тек жылу ғана емес, лифттерді жөндеу, нөсер кәріздерінің жағдайы, көшелерді жарықтандыру және т.б.

Бір топ ата-ана «Мариям» жекеменшік балабақшасы газбен жылытуға қашан қосылатынын білуге келді.

– Балабақша басшылығы бізге уәде берді, бірақ олар: рұқсат күтеміз дейді. Кездесу туралы біліп, мәселемізді айтуды жөн көрдік. Алдымен білім бөлімінің өкілдеріне, одан кейін энергетика және ТКШ бөлімінің басшысына хабарластық. Көз алдымызда бəрін біліп, бір апта ішінде газ қосылатынын айтты. Біз бақылауға алдық. Көп күттірмей, бәрі шешіліп, балабақша жылынып кетеді деп сенеміз, – дейді Теміртау қаласының тұрғыны Әйгерім Мөлкенова.

Жылу мәселесі әлі де бар үйлердің делегациялары болды. «Оқжетпес-Т» ЖШС директоры Сергей Работягов әрбір нақты жағдайды баяндап, алдағы күндері барлығы қалпына келетініне уәде берді. Ермағанбет Бөлекпаев жеке тексеру үшін белсенді тұрғындардың телефон нөмірлерін алды.

Ал жиыннан кейін облыс әкімі жылудан қиындық туындаған «Кораблик» балабақшасына барды. Жылыту басталған кезде блокішілік желілерде ақаулар табылған. Зақымдалған аумақты қысқа мерзімде жөндеген мердігер анықталды. Ермағанбет Бөлекпаев радиаторлардың қызып тұрғанын көріп, қазір балабақшада жылу барына көз жеткізді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button