Бас тақырып
Аймақ басшысы Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарымен кездеседі
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Халықпен кездесу 29 қазан күні сағат 15.00-де Теміртау мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7213) 93-92-08, 44-46-94 телефоны арқылы және akimat.temirtau@krg.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.